Жаңалықтар

26 қарашаға арналған ауа райы болжамы

26 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 26.11.2023 06:38 10112

Қазгидромет 26 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

26 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қ.: 26 қарашада түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

26 қарашада түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Қарағанды қ.: 26 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

26 қарашада түнде Атырау облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік- шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

26 қарашада күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

26 қарашада Ақтөбе облысының оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

26 қарашада Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қ.: 26 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

26 қарашада түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман, бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Астана қ.: 26 қарашада жолдарда көктайғақ күтіледі.

Көкшетау қ.: 26 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.

26 қарашада түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20м/с.

Қостанай қ.: 26 қарашада түнде және таңертең бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

26 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

26 қарашада түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 25 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға