Қазгидромет Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жексенбі күні Қазақстанның барлық аумағында антициклонның әсерінен ашық ауа райы сақталады.
Тек республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Республика бойынша тұман түседі, еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында желдің күшеюі болжанады.
Бөлісу:
