Жаңалықтар

«255 мыңнан асса, бақылауға алынады». Мобильді аударымдарға қатысты қандай өзгерістер енгізілді?

«255 мыңнан асса, бақылауға алынады». Мобильді аударымдарға қатысты қандай өзгерістер енгізілді?
Фото: ©El.kz/Ынтымақ ТОЛҚЫН 09.01.2025 15:00 280

Енді қазақстандықтардың есепшотына әр түрлі 100 тұлғадан үш ай көлемінде мобильді аударым жасалса, онда ол адам екінші деңгейлі банктердің назарына ілігеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қаржы министрлігінің Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы Қаржы министрлігінде өткен баспасөз конференциясында айтты.

Ел тұрғындарының есепшотына ай сайын 100 немесе одан көп тұлғадан 3 ай қатарынан мобильді аударым жасалса, сонда ғана тұлға екінші деңгейлі банктің назарына ілігеді, – деді сарапшы.

Сондай-ақ, Қаржы министрлігі Ұлттық банкке шектік мөлшері 255 мың теңге болатын ұсыныс тастаған.

Ел ішінде «мобильді аударым 255 мыңнан асса бақылауға алынады» деген сөз тарап жүр. Оны былай түсіндірейін. Егер белгілі бір тұлға ай сайын 100 немесе одан көп адамнан 3 ай қатарынан мобильді аударым қабылдаса және олардың жалпы қаражаты 255 мыңнан асса ғана назарға ілінеді. Бұл өте аз соммаларды бақылаудан алу мақсатында жасалған. 255 мың теңге дегеніміз ол ең төменгі жалақы мөлшерінің үш айлық көрсеткіші. Бірақ бұл норма әлі күшіне енген жоқ. Ол Ұлттық банкпен келіскеннен кейін барып қарастырылатын мәселе, – деді Ерсайын Көптілеуұлы.

Айта кетейік, мобильді аударымдарды бақылауға алу көлеңкелі бизнесті анықтауға бағытталған.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға