«25 сүйегі сынған»: Әке-шешесі 10 жастағы қызды аяусыз өлтіріп тастады
Фото: surrey police
Фото: surrey police
18.12.2024 10:30
235
Ұлыбританияда 10 жасар Сара Шарифті аяусыз өлтірген әкесі мен өгей шешесі өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сот 43 жастағы Урфан Шариф пен 30 жастағы Бейнаш Батулды кінәлі деп тапты.
Сара 2023 жылдың тамызында Англияның оңтүстігіндегі Уокингтегі үйде өлі табылды. Аутопсия оның денесінде 71 пышақ жарақаты және кем дегенде 25 сынған сүйек бар екенін көрсетті. Қыздың денесінде электрлі үтіктен алынған күйіктер көп болған.
Бұл оқиға бүкіл Ұлыбританияны дүр сілкіндірді. Көпшілік Сараға деген қатыгездікті әлеуметтік қызмет көрсету орталығының өкілдері байқамағанына наразы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға