25 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» мамандары 25 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жетісу облысы
25 қаңтарда түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде 25-28 градус қатты аяз күтіледі. Талдықорған қ.: 25 қантарда түнде 26-28 градус қатты аяз күтіледі.
Түркістан облысы
25 қаңтарда Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Атырау облысы
25 қаңтарда түнде Атырау облысының батысында тұман күтіледі.
Алматы облысы
25 қаңтарда түнде және таңертең Алматы облысының батысында, оңтүстігінде кей уақытта тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 18-23 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 23-28 градус қатты аяз. Алматы қ.: 25 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі. Қонаев қ.: 25 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с.
Ақмола облысы
25 қаңтарда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысы
24 қаңтар күндіз, 25 қаңтар тәулік бойы Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын сақталады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Мұғалжар ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
Жамбыл облысы
25-27 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, тәулік бойы 25, түнде 26 қаңтарда екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 25-27 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
25 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ.: 25 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысы
25 қаңтарда Қостанай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысы
25 қаңтарда Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы
25 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 40 градус қатты аяз күтіледі.
Маңғыстау облысы
25 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 25 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда облысы
25 қаңтарда Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ұлытау облысы
25 қаңтарда Ұлытау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы
24 қаңтардың сағат 20.00-ден 25 қаңтардың сағат 20.00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.