Жаңалықтар

2,5 млрд теңге шығын: Алматыда компания басшысы 312 үлескерді алдаған

2,5 млрд теңге шығын: Алматыда компания басшысы 312 үлескерді алдаған
Фото: ©El.kz/Мәди Ысқақов 21.01.2025 10:14 228

Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаменті бір фирма басшыларына қатысты азаматтардың ұжымдық жолданымы бойынша басталған қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық прокуратура мәліметінше, компания басшылығы тұрғын үй кешендерінің құрылысына рұқсат құжаттарынсыз және үлескерлердің қаражатын тарту құқығынсыз 2022-2023 жылдар аралығында үш тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сату сылтауымен азаматтардың ақшасын алдау жолымен жымқырғаны анықталды.

Аталған іс бойынша 312 адам жәбірленуші деп танылып, жалпы шығын 2,5 млрд теңгеден асқан. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің төрт басшысы ұсталып, қазіргі таңда қамауда отыр, - делінген мәліметте.

Тергеп-тексеру шеңберінде жәбірленушілердің құқықтарын қалпына келтіру қамтамасыз етілді, ал қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарға құрылыс компанияларымен келісімшартқа түсудің алдында мұқият тексеріп, тек ресми құжаттар негізінде ғана қаражат салу қажеттігін ескертеді, - деп қосты прокуратура.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға