Жаңалықтар

24 жастағы әлем рекордын орнатқан желаяқ жол апатынан қайтыс болды

24 жастағы әлем рекордын орнатқан желаяқ жол апатынан қайтыс болды
Фото: © El.kz 12.02.2024 12:16 1521

Кениялық марафоншы әрі рекордшы Келвин Киптум 24 жасында жол апатынан өайтыс болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Жол апаты жексенбіде болған. Киптум басқарып келе жатқан көлік ағашқа соғылып, сайға құлаған. Көлікте болған спортшының жаттықтырушысы да оқиға орнында көз жұмды. Ал үшінші жолаушы Шэрон Косги есімді әйел ауруханаға жеткізілді.

Кенияның спорт министрі Twitter желісінде Кения елі белді спортшысынан айрылығанын жазды.. 2023 жылғы қазанда Киптум Чикаго марафонында 2 сағат 35 секунд нәтиже көрсетіп, жеңіске жетті. Осылайша 23 жастағы спортшы жерлесі Элиуд Кипчогенің (2 сағат 1 минут 9 секунд) әлем рекордын жаңартты. Ал бұған дейін ол Лондон марафоны мен Валенсия марафонында жеңіске жеткен еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға