24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Қостанай облысының басым бөлігінде, Алматы облысында жоғары өрт қаупі болжанады.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
24.09.2022 08:26
1334
Қазгидромет 24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды EL.KZ.
Ел аумағының басым бөлігі әлі де, ауқымды антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын–шашынсыз ауа райы сақталады.
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығыс елдің таулы аудандарында найзағайлы жаңбыр жауады. Республика бойынша делдің күшеюі күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының орталығында, Қарағанды облысының шығыс жартысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының басым бөлігінде, Алматы облысында жоғары өрт қаупі болжанады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазаннан бастап тұмауға қарсы екпе салу басталады
Келесі жаңалық
ШҚО-да қар құрсауында қалған 6 адам құтқарылды