Жаңалықтар

24 сәуірге арналған ауа райы болжамы

24 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Фото: El.kz 24.04.2024 07:39 539

Синоптиктер 14 облыста ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

24 сәуірде Ақмола облысында солтүстік-шығыстан, таңертең шығыстан және күндіз облыстың батысында және оңтүстігінде жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Астанада солтүстік-шығыстан, күндіз шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Жетісу облысының шығысы мен оңтүстігінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с-ке жетеді.

24 сәуірде таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында және солтүстігінде найзағай ойнайды.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Түнде солтүстік-батыста, күндіз Ақтөбе облысының басым бөлігінде, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Маңғыстау облысында найзағай ойнайды.

Таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында найзағай ойнайды.

24 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде түнде қар аралас жаңбыр, күндіз жаңбыр жауады.

25 сәуірде күндіз солтүстікте, Жамбыл облысының таулы аудандарында, 26 сәуірде түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз батыста, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. 24-26 сәуірде солтүстікте, оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауады.

24 сәуірде Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай ойнап, көктайғақ болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға