24 қызды жалғыз өзі мерекесімен құттықтаған жігіт желі қолданушыларын тәнті етті

Фото: кейіпкердің жеке мұрағатынан
Фото: кейіпкердің жеке мұрағатынан
07.03.2024 16:21
38655
Группасындағы 24 қызды жалғыз өзі мерекесімен құттықтаған жігіт желі қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
16 жасар Мансұр Айтжанов Алматы қаласындағы №1 Қазақ мелекеттік гуманитарлық педагогикалық колледжінің 1 курс студенті. Мамандығы – бастауыш мұғалімі.
Группада 25 студент: 24 қыз және бір ұл. Мансұр группадағы қыздарды мерекесімен құттықтап, гүл мен шоколад берген.
Бірінші курс болғандықтан группамдағы қыздармен жақыңырақ танысып, ерекше естелік қалдыру үшін тырыстым, жақсы көңіл-күй мен әсер сыйлағым келді, - дейді Мансұр.
Мансұр Айтжанов отбасында жалғыз бала. Мемлекеттік грантта оқиды.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді