24 мамырда барлық мектепте бірыңғай сынып сағаты өтеді
24 мамырда еліміздің барлық мектебінде бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дәстүрлі түрде бірыңғай сынып сағаты аясында сынып жетекшілері оқушыларымен бірге өткен оқу жылының қорытындысын шығарады.
Елімізде су тасқынына байланысты қалыптасқан жағдайды, сондай-ақ ата-аналар қауымдастығының ұсынысын ескере отырып, 24 мамырдағы оқу жылының аяқталуына орай барлық мектептерде бірыңғай сынып сағатын өткізу туралы шешім қабылданды. Аттестаттар тапсыру және «Алтын белгімен» марапаттау емтихандар аяқталғаннан кейін 12-15 маусым аралығында өтеді, - деді ведомствоның ресми өкілі.