Жаңалықтар

230 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, 2100 мектеп жаңғыртылды – Ғани Бейсембаев

230 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, 2100 мектеп жаңғыртылды – Ғани Бейсембаев
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 14.02.2024 14:57 792

Елімізде өткен жылы білім саласына қарастырылған бюджет 1,4 есеге ұлғайып, 5 триллион теңгені құрады. Бұл туралы  ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім саласына қатысты тапсырмалары мен білімді дамытудағы стратегиялық маңызды құжаттарды сапалы әрі толыққанды іске асыру бағытында 2023 жылы ауқымды жұмыстар атқарылды. Әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде білім саласы мемлекет тарапынан бүгінде барынша қолдауға ие болып отыр.

Ғани Бейсембаевтың сөзінше, инфрақұрылымды дамыту бағытында да бірқатар кешенді жұмыстар жүргізіліп келеді.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 67 мың жаңа орын ашылып, 2-6 жастағы балаларды қамту 91 пайызға дейін артты. Апатты және үш ауысымды мектептер  мәселелерін шешуге бағытталған 137 мың орындық  жаңа 165 мектеп іске қосылып, 12 апатты 29 үш ауысымды мектептің мәселесі шешімін тапты, – деп атап өтті Оқу-ағарту министрі.

Сонымен қатар еліміздегі 230 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, 2100 мектеп жаңғыртылды. Оның 1008-і ауыл мектебі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға