Қазгидромет синоптиктері 23 сәуір, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан территориясының басым бөлігіне атмосфералық фронттар әсер етеді.
Салдарынан найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста қарқыны қатты жаңбыр, бұршақ жауады.
Республика бойынша жел күшейеді.
Оңтүстік-батыста — шаңды дауыл, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста — дауыл тұрады.
Тек еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жауын-шашын аумайды, күн ашық.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға