Жаңалықтар

22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні

22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні
Фото: © El.kz 22.03.2025 08:40 149

Бүгін 22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні. Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, бейбітшілік пен берекенің бастауы саналатын көктем мерекесі. Бұл күн – табиғат пен адамның үйлесімін, ізгілік пен мейірімділікті дәріптейтін ерекше мейрам, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Наурыз - жыл басы. Парсы тілінде "нау" - "жаңа", "руз" - "күн" деген ұғымдарды білдіреді.

Наурыз мейрамы қазақ халқы үшін ғана емес, бүкіл түркі жұрты мен Шығыс халықтары үшін де үлкен маңызға ие. Бұл күні адамдар бір-біріне ақ тілектерін айтып, дастархан жайып, ұлттық тағамдар әзірлейді. Көпшілік Наурыз көже пісіріп, алтыбақан құрып, ұлттық ойындар ұйымдастырады. 

Қазақ халқы бұл мерекені «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Ежелгі наным-сенім бойынша, дәл осы күні әлем жаңарып, барша тіршілік иесі жаңа өмірге қадам басады. 

Ұлыстың ұлы күнінде ренжіскен жандар татуласып, үлкендерден бата алынады. Көшпелі халықтар үшін Наурыз – жаңа жылдың бастауы саналған, өйткені бұл кезде күн мен түн теңеліп, табиғат қайта жаңарады. 

Айта кетсек, Наурызнама онкүндігі аясында бүгін Жыл басы күні атап өтіледі. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға