20 мың тонна мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы анықталды
Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына қатысты 35 қылмыстық іс қозғалды
Фото: akt.sud.kz
Фото: akt.sud.kz
01.08.2022 10:12
1243
Жыл басынан бері 4 млрд теңгеге жалпы көлемі 20 мың тонна мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы фактілері бойынша 35 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
«Жыл басынан бері ҚМА 4 млрд теңгеге жалпы көлемі 20 мың тонна мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы фактілері бойынша 35 қылмыстық іс қозғады. Анықталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында жанар-жағармайдың шығу көздері мен оның айналымына қатысы бар тұлғалар анықталуда. Өңірлерде шекара қызметі және мемлекеттік кіріс органдарымен өзара іс-қимыл жолға қойылып, бірлескен жұмыс жоспарларына қол қойылды», - делінген ресми хабарламада.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр
Келесі жаңалық
Мария Ялова: Әйелдер футболы жаңа деммен дамып келеді