2028 жылғы Олимпиадада боксшылар қай салмақтарда өнер көрсетеді

ХОК 2028 жылғы Олимпиадаға арналған бокстағы жаңа салмақ дәрежелерін бекітті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Халықаралық олимпиада комитеті Олимпиада ойындарындағы бокс салмақ дәрежелерінің құрылымын ресми түрде өзгертті. Бұл жаңашылдықтар 2028 жылдың 14-29 шілде аралығында Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадада күшіне енеді.
Олимпиада тарихында алғаш рет ерлер мен әйелдер саны тең болады - әрқайсысы 124 қатысушыдан. Бұл шешім ХОК-тың Олимпиада ойындарында гендерлік теңдікке қол жеткізуге бағытталған әрекеттерінің бір бөлігі.
Әйелдерге арналған салмақ дәрежелері (124 боксшы):
51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 75 кг
Ерлерге арналған салмақ дәрежелері (124 боксшы):
55 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 80 кг, 90 кг, +90 кг
Осылайша, әйелдер бағдарламасы бес салмақтан жетіге дейін кеңейтілсе, ерлер бағдарламасы сегізден жетіге қысқартылды.
2024 жылғы Париж Олимпиадасында салмақ дәрежелері мынадай болған:
Әйелдер: 50 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 66 кг, 75 кг
Ерлер: 51 кг, 57 кг, 63,5 кг, 71 кг, 80 кг, 92 кг, +92 кг
