2026 жылғы жазғы Азия ойындарының бағдарламасына ММА қосылды

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
07.03.2025 15:17
356
Азия Олимпиада кеңесі 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының бағдарламасына ММА (аралас жекпе-жек) қосылғанын хабарлады. Бұл туралы кеңестің Олимпиада комитеттеріне жолдаған ресми хатында жазылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ММА спорты 2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Жапонияның Нагоя қаласында өтетін XX жазғы Азия ойындарының бағдарламасына енді, – делінген хатта.
ММА жарыстары екі стильде – заманауи және дәстүрлі түрде 6 салмақ дәрежесінде өтеді:
Ерлер:
- Заманауи стиль: 60 кг, 71 кг
- Дәстүрлі стиль: 65 кг, 77 кг
Әйелдер:
- Заманауи стиль: 54 кг
- Дәстүрлі стиль: 60 кг
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ақмола облысында заңсыз ағаш кесу фактісі анықталды