Жаңалықтар

2026 жылға дейін облыста 306 млрд теңгені құрайтын 92 жоба іске асырылады - Ақмола облысының әкімі

2026 жылға дейін облыста 306 млрд теңгені құрайтын 92 жоба іске асырылады - Ақмола облысының әкімі
Фото: © ОКҚ 08.06.2023 14:50 774

Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде 2026 жылға дейін облыста 306 млрд теңгені құрайтын 92 жоба іске асырылады. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ермек Маржықпаевтың айтуынша, аталған жобалар 260 мың тонна жарма өнімдері, 62 мың тоннаға барлық ет түрлері сонымен қатар, жылына 54 мың тонна өсімдік майы, 45 мың тоннаға шикі сүт және 10 мың тоннаға көкөністер өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Одан бөлек, етті және сүтті мал шаруашылығын дамыту аясында биыл 2500 ірі қара мал басын сатып алу арқылы 46 етті ферма және 4 мың ірі қара мал басына 11 сүт фермасы құрылатын болады, - деді брифингте Ақмола облысының әкімі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға