Жаңалықтар

2025 жылға қарай елімізде газ тапшылығы болуы мүмкін

Фото: primeminister.kz
2025 жылға қарай елімізде газ тапшылығы болуы мүмкін
06.06.2022 11:56 1667

2025 жылға қарай елімізде отандық газдың тапшылығы және импорттық ресурстарға тәуелділік туындауы мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов Мәжілістегі Үкімет сағатында айтты, - деп хабарлайды El.kz.

«Газ қоры қоры бойынша Қазақстан әлемде 22-ші орында, ал ТМД елдерінің арасында Ресей мен Түрікменстаннан кейін 3-ші орында. Ел ішінде газ тұтыну тұрақты түрде өсуде. 2017 жылдан бастап 2021 жылды қоса алған кезеңде тұтыну 13,8-ден 18,6 млрд. м3-ге дейін 4,8 млрд.м3-ге өсті. Газ тұтыну өсімі шамамен 35% немесе жыл сайын орта есеппен 7%-ды құрады. Сонымен бірге, елдегі газ саласын дамытудың негізгі тежеуші факторы бағаны тежеу саясаты болып табылады, осыған байланысты 2025 жылға қарай отандық газдың тапшылығы және импорттық ресурстарға тәуелділік туындауы  мүмкін», - деді Энергетика министрі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ресурстық базаны кеңейту үшін Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытының 1-кезеңін үш кезекпен салу бойынша жұмыс жүргізілуде, ол 2030 жылға қарай тауарлық газдың өсімін 6,2 млрд. м3-ден асыруға мүмкіндік береді.

«2021 жылғы маусымнан бастап қуаты 1 млрд. м3 жобаның бірінші кезеңі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Бірінші кезеңді 2024 жылдың басында іске қосу күтілуде. Аталған ГӨЗ-дерді салу Кашаған  жобасының 2-фазасында пысықталуда, ол мұнай өндірісін тәулігіне 400 мың тоннадан 700 мың тоннаға дейін өсіруге мүмкіндік береді. Бұған қоса, Министрлік фискалдық преференциялар беру арқылы ресурстық базаны жаңа газ жобалары үшін кеңейтуді ынталандыру бойынша жан-жақты жұмыс жүргізуде», - деді  Болат Ақшолақов.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға