Жаңалықтар

2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшу керек

Қарағанды облысының әкімдігінде елбасы мақаласы талқыланды
2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшу керек
14.04.2017 09:25 6231

Қарағанды облысының әкімдігінде аймақ активінің жиналысы өтті, онда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы талқыланды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Президент қазақ тілін 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін мәлімдеді.

Бұл – сол кезден барлық салаларда біз латын қарпіне көшуді бастаймыз деген сөз. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз.

2017 жылдың соңына дейін қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасау керек. Жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде белгілі бір уақыт кириллица алфавиті де қолданыла тұрады.

Президент жаңа гуманитарлық білім жобасына тоқталды. Бұл үшін қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударылады. Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі аудармамен айналысатын құрылымдар негізінде мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросын құруды тапсырды. Ол 2017 жылдың жазынан тиісті жұмыстарға кіріспек.

Мемлекет басшысы патриоттық жұмысты күшейту үшін «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» ұлттық жобасы қолға алынады. Сонымен қатар, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы қазіргі заманның батырларына баса назар аударуға бағытталады.

Отырысқа қатысушылар осы бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

«Тәуелсіздік жылдары бәріміз де – «жас республиканың халқы кім? Біз кім?» деп ойландық. Ата-бабалары қуғын-сүргін жылдары Қазақстанға жер аударылған отандастарымыз да – бұл жерде, осы қоғада болашақ бар ма деп ойланды. Мемлекет басшысының мақаласынан осы сұраққа жауаптар табуға болады», - деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.

Латын әліпбиіне көшу Қазақстанның жалпыәлемдік процеске енуін жылдамдатады, дейді аймақ басшысы.

«Қазақстанды рухани жаңғыртуда «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» жобасы маңызды рөл атқарады. Бұл Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы. Сарыарқада ондай жерлер көп. Мысал ретінде Ұлытауды алуға болады», - деп атап өтті Ерлан Қошанов.

Ерлан Қошанов аймақта түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуді тапсырдыы. Активтердің кездесулері облыстың барлық қалалары мен аудандарында өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға