2025 жылы Қазақстан өңірлерінде көлік сақтандыру полисі қымбаттайды
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті сақтандыру бойынша сыйлықақыны есептеу үшін қолданылатын түзету коэффициентін бекіту туралы қаулы күшіне енеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұрын агенттік түзету коэффициенті көлік тіркелген аймақтағы апат деңгейіне қарай белгіленетінін хабарлаған. Яғни, Алматыда сақтандыру үшін жүргізушілерден көп ақша жиналғанмен, көлік санына шаққанда сақтандыру бойынша төлем аз жасалса, көлік иесі азырақ төлеуі керек.
Мысал ретінде 2024 жылы жүргізуші куәлігін алғанына 20 жыл болған, Алматыда тұратын, ешқашан жол апатына түспеген, 2010 жылғы Toyota Camry автокөлігін жүргізетін 40 жастағы жүргізуші үшін 12 айлық полис қанша тұратынын қарастырайық:
2024 жылғы базалық сақтандыру сыйлықақысы – 7014.8 теңге (1,9 АЕК);
Алматы қаласында тіркелген автомобиль үшін коэффициент – 2,96;
жеңіл автомобиль үшін коэффициент – 2,09;
жасына және жүргізу өтіліне негізделген коэффициент – 1;
автомобильді пайдалану мерзіміне байланысты коэффициент – 1,1;
13-сақтандыру класы бойынша коэффициент (апатсыз) – 0,5;
Алматы қаласы бойынша түзету коэффициенті – 0,82.
Сонда: 7 014,8 × 2,96 × 2,09 × 1×1,1 × 0,5 × 0,82 = 19 571,75 теңге.
2025 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3932 теңге болады. Базалық сақтандыру сыйлықақысы (1,9 АЕК) 7470,8 теңгеге өседі. Алматы қаласы бойынша ұсынылған түзету коэффициенті — 0.63.
Есептейік: 7470,8 × 2,96 × 2,09 × 1 × 1,1 × 0,5 × 0,63 = 16 014,31 теңге. Демек, 2025 жылы мұнда полис арзандайды. Мысал ретінде алған жүргізуші үшін сақтандыру 3 мың теңгеге арзандайды, ал басқалар үшін сома әртүрлі болады, бірақ сақтандыру төлемі азаяды.
Алматы, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары, сондай-ақ Шымкент пен Астанадағы жүргізушілер үшін сақтандыру полисі қымбаттайды. Келер жылы ең қымбат полисті Қызылорда облысының жүргізушілері рәсімдейді.