Жаңалықтар

2025 жылы кімдер декларация тапсырады? Қаржы министрі түсіндіріп берді

2025 жылы кімдер декларация тапсырады? Қаржы министрі түсіндіріп берді
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 20.11.2024 14:26 441

Қаржы министрі Мәди Тәкиев Мәжіліс кулуарында журналистердің декларацияға қатысты сұрағына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Кулуарда министр 2025 жылы жалпыға бірдей декларациялау жүйесі сақталатынын айтты. Келесі жылы  мемлекеттік қызметкерлер, квазимемлекеттік сектор басшылары, бизнес өкілдері және олардың жұбайлары бұл тізімге кіріп отыр. Қаржы министрлігінің ресми сайтындағы көрсеткен дерек бойынша, бұл шамамен 4,8 миллион адам. 
Мәди Тәкиевтің сөзінше, декларацияның нормасын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі іске асырады. 

Қалай тексеріледі? 

Мәжіліс кулуарында журналистер министрден «Мемлекеттік қызметшілер өз мүлкін туыстарының атына, әсіресе декларация тапсырмайтын зейнеткерлердің атына тіркеп қоюы мүмкін. Бұл жағдай қалай бақылауға алынады?» деп сұрады. 

Министрдің сөзінше, егер зейнеткердің атына қандай да бір мүлік тіркелсе, онда ол үкіметке қай көзден мүлік сатып алғанын көрсетуі тиіс болады. 

Мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектордың басшылары және тағы басқасы өздерінің туыстарының атына ештеңе жаза алмайды, тіркей алмайды. Егер тіркейтін болса, бізге көрсетуі керек, - деп түсіндірді министр. 

Министр 8 миллионға жуық қазақстандық декларация тапсырудан босатылғанын атап өтті. 

Кімдер тапсырады

Декларацияны 20 000 АЕК-тен жоғары мүлкі бар азаматтар тапсыру міндеттелген. Ол – 74 млн теңге. 

Неліктен бұл қаржы таңдалды? 1991 жылдан бастап қазақстандықтар орташа айлықпен қанша ақша жинауға болатыны жөнінде сұрақ қойылды. Сол кезде шамамен осы қаржы шықты, - деп түсіндірді министр Тәкиев. 

Министр келесі жылы мұғалімдер, дәрігерлер, полиция қызметкерлері декларация тапсырмайтынын атап өтті. 

Декларация мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары үшін сақталады. Квазимемлекеттік секторлардың басшылары мен жұбайлары үшін сақталады. Сонымен қоса 20 000 АЕК-тен астам мүлкі бар адамдар үшін сақталады. Шетелде мүлкі бар адамдар және шетелдегі банкте қаржы қоры бар адамдар үшін міндеттеледі. Сондай-ақ декларацияны ерікті түрде кез келген жан тапсырса болады. Мұғалімдер, дәрігерлер, полиция қызметкерлері бұл тізімге кірмейді, - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға