Жаңалықтар

2025 жылы халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етуіміз керек – Олжас Бектенов

2025 жылы халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етуіміз керек – Олжас Бектенов
Фото: t.me/KZgovernment 11.06.2024 10:52 553

Үкімет басшысы отырыста бұл аса маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі екенін айтып, бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министр Олжас Бектенов небәрі бір жарым жыл қалғанын, әкімдіктер сумен жабдықтау көрсеткіштерінің жоғары деңгейіне қарамастан, ауылдар мен қалаларда тиісті инфрақұрылымды тарту жұмыстарын күшейтуі тиіс екенін атап өтті.

Сумен қамтамасыз ету жұмыстары басым тәртіппен қаржыландыруы керек. Елді мекендердің ішінде су желілерін жүргізу жұмыстарын, топтық су құбырларының инфрақұрылымын ауылдардың шекараларына дейін тарту жоспарларымен үйлестіру қажет. Кейбір топтық су құбырларын салу жобалары жылдар бойы іске асырылып келе жатқанын жақсы білеміз. Кей жерлерде ауыл ішіндегі жерлер дайын болғанымен, қажетті су көзі жоқ, – деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр Ақмола облысының Талапкер және Қажымұқан ауылдарында осындай жағдай қалыптасып отырғанын жеткізді.

Ауыл ішінде желілер тартылған, ал Кенжебай және Рақымжан сай топтық су құбырын салу жобасы әлі іске асыру сатысында. Сонымен қатар жұмыс кестесінің сақталмауына байланысты былтыр бөлінген 760 млн теңгенің 500 млн теңгеден астамы бюджетке қайтарылды. Бұл ретте суды жіберген кезде оның ішкі желілері қандай күйде болады деген орынды сұрақ туындайды. Бұл дұрыс жоспарламаудың салдары. Ақмола облысының әкіміне аталған мәселені ерекше бақылауды алуға тапсырамын, – деді Олжас Бектенов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға