Жаңалықтар

2025 жылы гранттар саны ұлғаймақ

2025 жылы гранттар саны ұлғаймақ
Фото: t.me/KZgovernment 27.08.2024 10:35 520

Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев 2025 жылы өңірлерге республикалық бюджет қаражаты 348 миллиард теңгеге ұлғая отырып, 7,4 триллион теңге бөлінетінін жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министр келесі жылы Ұлттық қордан 2 триллион теңге сомасында кепілдендірілген трансферт тарту жоспарланып отырғанын айтты.

Бюджет тапшылығы 2025 жылы жалпы ішкі өнімге 2,7% деңгейінде, ал 2027 жылға қарай жалпы ішкі өнімге 1,9%-ға дейін төмендеу болжануда. Бюджет шығыстары 2025 жылға арналған кірістер мен тапшылықты ескере отырып, 2024 жылға қарағанда 1,7 триллион теңгеге ұлғайып, 25,8 триллион теңгені құрайды. 2025 жылы әлеуметтік салаға 2024 жылмен салыстырғанда 794 миллиард теңгеге ұлғайып 9,8 триллион теңге бағытталады, – деді қаржы министрі Тәкиев.

Сондай -ақ министр әлеуметтік төлемдерді алушылар санын ұлғайтуға қосымша 626 миллиард теңге бөлінетінін, нәтижесінде 2025 жылы зейнетақының орташа мөлшері 96 562 теңгені құрайтынын атап өтті.

Осы жылмен салыстырғанда гранттар санын 2 500 орынға ұлғайту. Нәтижесінде қосымша орындарды ескере отырып, 2025 жылы шамамен 78 мың білім беру гранты бөлінетін болады. Жоғары оқу орындарының студенттеріне стипендия мөлшерін орта есеппен 15-20%-ға ұлғайту. Нәтижесінде стипендияның орташа мөлшері бакалавриат студенттері үшін 52 372 теңгені, магистратура үшін - 117 098 теңгені құрайды, – деді Мәди Тәкиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға