Жаңалықтар

2025 жылы экономиканың нақты секторына басымдық беріледі

2025 жылы экономиканың нақты секторына басымдық беріледі
Фото: Үкімет 31.12.2024 13:18 375

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша экономиканың нақты секторын дамыту шаралары бойынша бірінші көшпелі кеңесті Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 30 желтоқсанда Қарағанды облысында өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Республикалық кеңеске қатысушыларға, яғни, қаржы институттарының, екінші деңгейлі банктердің, барлық өңір әкімдіктерінің, ірі квазимемлекеттік компаниялардың басшыларына, ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны таныстырды. Бұл платформа инвесторлардың, мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектордың өзара іс-қимылына арналған «Бірыңғай терезе» болып саналады.

Жүйеде Қазақстанның инвестициялық саясатының толық бейнесін қалыптастыру үшін барлық қатысушылар арасында қажетті ақпарат алмасу процесі автоматтандырылған. Бүгінгі таңда платформа пулында 836 жоба бар, оның 60-ы «жасыл дәліз» аясында жүзеге асырылуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға