Жаңалықтар

2025 жылдың соңына дейін бес моноқала ауыз сумен қамтамасыз етіледі – ӨҚМ

2025 жылдың соңына дейін бес моноқала ауыз сумен қамтамасыз етіледі – ӨҚМ
Фото: t.me/KZgovernment 02.04.2024 12:43 680

Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев моноқалаларды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда 5 моноқалада ауыз сумен қамту деңгейі 91%-дан жоғары. Олар 2025 жылдың соңына дейін 100% қамтамасыз етілетін болады. Моноқалалардағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 2,8 мың шақырымды құрайды. 2023 жылы 173 шақырым жылу желілері жөнделді. Биыл 57,6 шақырым желіні жөндеу жоспарланған. Қосымша 86,3 шақырымды жөндеу жобалары бар. Сондай-ақ Екібастұз қаласында 9 шақырым желіні қайта жаңғырту бойынша 4 жоба әзірленуде, — деді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің басшысы Қанат Шарлапаев.

Сонымен қатар бүгінгі таңда әкімдіктер 18 моноқалада кәріздік тазарту құрылыстарын салу және қайта жаңарту бойынша жобалық құжаттаманы әзірлеуде. Жобалар Републикалық бюджет, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және халықаралық қаржы ұйымдары есебінен қаржыландырылатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға