Жаңалықтар

2025 жылдың көктемгі егіс жұмыстарына фермерлерді қаржыландыру биыл басталады

2025 жылдың көктемгі егіс жұмыстарына фермерлерді қаржыландыру биыл басталады
Фото: t.me/KZgovernment 26.09.2024 16:06 367

Вице-премьер Серік Жұманғарин Қостанай облысының фермерлерімен премьер-министр Олжас Бектеновтің биылғы 23 қыркүйекте қазақстандық диқандармен өткізген кеңейтілген форматтағы кездесуінде көтерілген мәселелерді талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Үкімет басшылығымен өткізілген кеңес – Мемлекет басшысының еліміздің ауыл шаруашылығын қолдау және дамыту жөніндегі тапсырмаларына жылдам жауап. Біз фермерлерді қолдау көлемін біртіндеп арттырып жатырмыз. Атап айтқанда, көктемгі-күзгі дала жұмыстарына жеңілдігі бар қаржыландыру көлемін 700 млрд теңгеге дейін ұлғайтамыз, оның шамамен 40%-ы «Даму» қоры арқылы кепілдендіріледі. Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке кредиттеу көлемі 100 млрд теңгеден 200 млрд теңгеге дейін өседі. Нәтижесінде жыл сайынғы жұмыстарды қамтамасыз ету үшін фермерлерді қолдау сомасы 900 млрд теңгеге дейін ұлғаяды. Биыл біз 2025 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруды бастаймыз, – деді Серік Жұманғарин фермерлерге.

Вице-премьер өңірлерде фермерлер жаңа жылдың басында көптеген қажетті тауарлардың бағасы өсетінін, сондықтан «КенДала» бағдарламасы бойынша көктемгі жұмыстарға қол жетімді қаражатты күзде алған жөн екенін айтқанын жеткізді.

Биылғы қараша-желтоқсан айларында біз бұл процесті бастаймыз. Үлкен жоба бойынша жеңілдігі бар қаржыландыру көлемін келесі жылға жылдық 2,5% мөлшерлемемен 100 млрд теңгеден 200 млрд теңгеге дейін ұлғайтып, несиелеу үшін тағы 8 жаңа бағыт қосамыз. Бұл – етті мал шаруашылығы, өнеркәсіптік жылыжай кешендері, жеміс сақтау қоймалары, балық өсіретін балық өңдеу шаруашылықтары, орау өндірісі, терең өңдеу және басқалары, – деп нақтылады Серік Жұманғарин.

Екінші деңгейдегі банктер мен басқа да қаржы институттарының жеңілдігі бар қаржыландыруын, сондай-ақ айналым және инвестициялық қаражат түріндегі қолдауларды қосқанда, мемлекеттік қолдау көлемі 1,3 – 1,4 трлн теңгеге дейін жеткізілетін болады. 

Премьер-министрдің орынбасары сондай-ақ Харьковское ауылының тұрғындарымен кездесті, «Тэрра» шаруа қожалығының егіс алқабында көкөніс жинау барысымен және өнімді сақтау орындарының мүмкіндігмен танысты және қостанайлық жылқы тұқымын өсірумен айналысатын «Қазақ тұлпары» ЖШС-да болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға