Жаңалықтар

"2024 жылы тұрмысқа шығуға болмайды". Нумеролог ескерту жасады

"2024 жылы тұрмысқа шығуға болмайды". Нумеролог ескерту жасады
Фото: © Pixabay.com 24.11.2023 10:30 6019

Қазір әлеуметтік желіде келер жылға түрлі болжамдар қаптап кетті. Аспан әлемін түсінетіндер биыл тұрмысқа шықпауға кеңес беруде. Айтуларынша, келер 2024 жылы адамзат үшін қиын болмақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

Сарапшылар пікірінше, кібісе жылы тұрмыс құру, үйленуге, үй жануарларын сыйлауға, жүктілікті жоспарлауға, жұмыс орнын ауыстыруға, болашақты болжауға болмайды екен. Нумерологтар 2024 жылы 8 санымен байланыстырды. Бұл цифрлардың ішіндегі ең мықтысы дейді.

2024 жыл кейбір адамдарға қатты соққы болып тиюі мүмкін. Кейбір адамдарға ұшатын уақыты болады. Әрбір адамға әртүрлі жұмыс істейді. Есеппен үйленуге болмайды, - дейді нумеролог Нұргүл Лепес.

Ал регрессолог Виктория Ли кібісе жылын маркетингке айналдырғандар туралы айтты.

Бұл жылдың айналасында маркетинг тым көп. Шыны керек, жәй ғана дата. Астрономиялық түсінік. Бір-бірін сүйгендер үшін  кез келген жыл сәтті. Сондықтан негативті ойларға берілмей, позитивті ойлау қажет. 2024 жыл 20 жылдық цилк басталады, қыз-келіншектер көшбасшылық кезеңге өтеді, - дейді регрессолог.

Ал қытай жылнамасына сәйкес 2024 жылы 60 жылда бір айналып келетін айдаһар жылы келеді. Тұрғындардың әл-ауқаты артып, толағай табысқа кенелуі мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға