2024 жылы құжат алу қанша тұрады

Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ
05.01.2024 12:13
4037
Айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуіне байланысты жеке куәлік, паспорт және тағы басқа құжаттарды рәсімдеу кезінде төленетін мемлекеттік баждың мөлшері де көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 АЕК - 3692 теңге. 2023 жылы 1 АЕК 3450 теңге болған.
Жеке куәлік (0,2 АЕК) – 738 теңге.
Паспорт (36 беттік, 8 АЕК) – 29536 теңге,( 48 беттік, 12 АЕК) – 44304 теңге.
Балалар паспорты (24 беттік, 4 АЕК) – 14768 теңге.
Жүргізуші куәлігі (1,25 АЕК) – 4615 теңге.
Неке қию туралы куәлік (1 АЕК) – 3692 теңге.
Ажырасуға өтініш беру (2 АЕК) – 7384 теңге.
Туу туралы куәлік – тегін, қайта беру (0,5 АЕК) – 1846 теңге.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қиын жағдайда қалған әйелдер қайда хабарласа алады
Келесі жаңалық
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді