Жаңалықтар

2024 жылы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы артты

2024 жылы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы артты
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов 27.03.2025 17:36 506

2024 жылы Қазақстан халқының туғандағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,44 жасты құрады, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 75,09 жыл деңгейінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қалалық жерлерде өмір сүру ұзақтығы ауылдық жерлерге қарағанда жоғары, сәйкесінше 76,14 және 74,26 жас.

Гендерлік тұрғыдан алғанда, 2024 жылы әйелдердің күтілетін өмір сүру ұзақтығы 79,42 жас (2023 ж. – 79,06), ерлер арасында 71,33 жасты (2023 ж. – 70,99 жас) құраған. Туған кезде күтілетін ең жоғары өмір сүру ұзақтығы Алматыда тіркелген – 78,78 жас, ең төмені Ұлытау облысында – 72,48 жас, - делінген мәліметте.

Туғандағы күтілетін өмір сүрү ұзақтығы – бұл белгілі бір жылы туылған адамның орташа өмір сүру ұзақтығын көрсететін статистикалық көрсеткіш, бұл ретте ұрпақтың бүкіл өміріндегі өлім-жітім деңгейі осы көрсеткіш есептелген жыл деңгейінде өзгеріссіз қалу шарты бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға