2024 жылы қазақстандықтар қанша алтын сатып алды
![2024 жылы қазақстандықтар қанша алтын сатып алды 2024 жылы қазақстандықтар қанша алтын сатып алды](/storage/storage/element/2025/02/07/mainphoto/141558/1200xauto_BrZBc0wbOq9ZIDUB0x08lvCjOg5aWmEpnFghXlgG.jpg)
Ұлттық банк 2024 жылдың қорытындысы бойынша екінші деңгейлі банктерге және банктік емес жекелеген айырбастау пунктеріне жалпы салмағы 1,7 тонна 47 395 өлшемелі құйма сатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық банк мәліметінше, 2024 жылы құймалар көп сатылған өңірлер: Алматы (32 735 дана, 69%), Шымкент (5 200 дана, 11%) және Қарағанды (2 209 дана, 5%).
2024 жылы екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктері кері сатып алуды ескергенде, халыққа жалпы салмағы 2,5 тонна 71 106 құйма сатты. Бағдарлама іске қосылғалы жалпы салмағы 7,9 тонна болатын 222 680 алтын құйма сатылды.
Халық арасында сұранысқа ие құйма салмағы – 10 г. Жалпы сатылған көлем ішінде оның үлесі 25% – 54 875 дана. Одан кейін 5 грамдық құйма – 49 145 дана (22%), 100 грамдық құйма – 47 943 дана (22%), 20 грамдығы – 40 843 дана (18%) және 50 грамдық құйма – 29 874 дана (13%), - делінген мәліметте.
Банк әрбір құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және бедерлі жиегі бар) және механикалық зақымданудан қорғайтын арнайы қорапқа салынып шығатынын алға тартты.
Сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорғаныш қорабы сапа сертификаты болып та саналады. Сондықтан алтын құйманы ұқыпты сақтап, қорабын бүлдірмеуге кеңес береміз, - деп қосты Ұлттық банк.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)