Жаңалықтар

2024 жылы Қазақстанда 26,7 млн тонна астық жиналды

2024 жылы Қазақстанда 26,7 млн тонна астық жиналды
Фото: ҚР АШМ 29.01.2025 12:00 300

2024 жылы мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саланың жыл сайынғы жеткіліксіз қаржыландыру мәселесі шешілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

АШМ мәліметінше, көктемгі егіс, егін жинау жұмыстарына және ауыл шаруашылық техникасының лизингіне қомақты қаражат бөлінді.

Алғаш рет жеңілдетілген несиелендіру көлемі жылдық 5%-бен 580 млрд теңгеге дейін жеткізілді, ал өткен жылдары бұл көлем 160 млрд теңгеден аспады. Қабылданған шаралар фермерлерге барлық қажетті агротехникалық шараларды толық көлемде өткізуге мүмкіндік берді. Пайдаланатын элиталық тұқымдардың үлесі 7,1%-дан 9%-ға дейін өсті, - делінген мәліметте.

Ведомство қарыз алушылардың 90%-ын шағын және орта шаруашылықтар құрайтынын алға тартты.

Нәтижесінде 2024 жылы Қазақстан соңғы 13 жылда алғаш рет дәнді және бұршақты дақылдардан 26,7 млн тонна өнім жинады. Өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемі 21,1%-ға және мал шаруашылығында 3,2%-ға өсуі ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 13,7%-ға ұлғаюына ықпал етіп, 8,3 трлн теңгені құрады, - деп қосты министрлік.

Бүгінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені 1,1 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етуде. Бұл 4 млн-нан астам азаматтың қаржылық әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Ауыл шаруашылығы маңызды экономикалық секторға ғана емес әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі факторына айналуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға