Жаңалықтар

2024 жылы онкологиялық аурулардан 12 мың адам қайтыс болған

2024 жылы онкологиялық аурулардан 12 мың адам қайтыс болған
Фото: автордан 08.02.2025 13:38 118

Бүгін журналистер мен олардың отбасыларына арналған ұлттық онкология ғылыми орталығында ашық есік күні өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Одан бөлек онкологиялық аурулардың алдын алу, ерте диагностикалау және емдеу мәселелеріне арналған баспасөз брифингі ұйымдастырылды.

Іс-шара жыл сайын 4 ақпанда барлық елдерде атап өтілетін Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орайластырылған.

Ашық есік күні аясында журналистер мен олардың туыстары ҰҒОО онколог дәрігерлерінің тексеруінен және диагностикалық тексерулерден өтті.

Брифинг барысында сарапшылар онкологиялық аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеудің негізгі мәселелерін талқылады. Онкологиялық ауруларды ерте анықтаудың маңыздылығына, ҰҒОО-да диагностика мен емдеудің бірегей инновациялық әдістеріне ерекше назар аударылды.
Брифингте ҰҒОО басқарма төрағасы Жандос Бүркітбаев, онкология бөлімшесінің жетекші сарапшылары және ДДҰ елдік кеңсесінің өкілдері сөз сөйледі.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанда онкологиялық аурулардың өсімі байқалады. 2024 жылы есепте 231 019 астам онкологиялық науқас болса, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,9%-ға артқаны байқалады. 

Өлім-жітім бойынша өкпе обыры бірінші орында тұр, ал әйелдер арасында ең көп таралған қатерлі ісік – сүт безі қатерлі ісігі. 

ҰҒОО басқарма төрағасының медициналық қызмет жөніндегі орынбасары Әділбек Мұқажановтың сөзінше, онкология мен ауыратын науқастар мен олардың туған-туыстарына психологиялық тұрғыдан орталық көмек көрсететінін айтады. 

2024 жылы онкологиялық аурулардан 12 мың адам қайтыс болған

Бұрын біздің орталықта екі психолог және бір психотерапевт дәрігер жұмыс істейтін. Сонымен қатар, психотерапиялық қолдау көрсететін арнайы секторымыз болды. Қазіргі уақытта біз жаңа, ауқымды орталық ашуды жоспарлап отырмыз. Онкологиялық ауруға диагноз қойылғанда немесе оған күдік туған сәтте науқас қана емес, оның туыстары да үлкен стресс жағдайына түседі. Сондықтан біз қазірдің өзінде ауруханадағы науқастарға психологиялық көмек көрсетіп келеміз. Үш дәрігеріміз науқастармен жеке және топтық түрде жұмыс істеп, арнайы сабақтар мен кеңестер өткізеді, - дейді Әділбек Мұқажанов. 

Сонымен қатар бұған қоса, орталықта жұмыс істейтін дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жұмысы өте ауыр екенін, психологтар тек науқастармен және олардың жақындарымен ғана емес, медициналық қызметкерлердің өзімен де жұмыс істейтінін атап өтті. 

Алдағы уақытта біз дәрігерлеріміздің санын арттырып, психологиялық қолдау секторын кеңейтуді жоспарлап отырмыз, - деді Әділбек Мұқажанов. 

2024 жылдың статистикасы бойынша, бір жылда онкологиялық аурулардан 12 мың адам қайтыс болған. 

Сарапшылар қатерлі ісікті емдеу қиын, сондықтан оның алдын алу өте маңызды. Көптеген созылмалы аурулар уақыт өте келе қатерлі ісікке айналуы мүмкін деді. 

Мысалы, асқазанның немесе тоқ ішектің созылмалы аурулары, сондай-ақ денедегі ерекше дақтар уақыт өте келе қауіпті өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Сондықтан ерте диагностика арқылы ауруды анықтап, дер кезінде емдесе, адам толықтай сауығып кете алады. Сондықтан біз ашық есік күндерін өткізу арқылы халықты тексеруден өткізіп, қажет болған жағдайда диагностика алгоритмін ұсынамыз. Егер қандай да бір патология анықталса, науқасқа қосымша тексерулерден өту қажет екенін түсіндіреміз. Әрине, бір күнде толық тексеруден өту мүмкін емес, бірақ ең бастысы – адамдардың өз денсаулығына мән беруіне ықпал ету, - деді ҰҒОО басқарма төрағасының медициналық қызмет жөніндегі орынбасары Әділбек Мұқажанов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға