Жаңалықтар

2024 жылға арналған жұмыс жоспарлары талқыланды

2024 жылға арналған жұмыс жоспарлары талқыланды
Фото: primeminister.kz 04.01.2024 15:00 1767

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және Үкіметтің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарлары бойынша Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін кеңейтілген отырысқа дайындық мәселелері қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысының Жолдауларында және сайлауалды бағдарламасында белгіленген реформаларды жалғастыру аясында экономиканы одан әрі өсіруді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік, денсаулық сақтау, білім беру және туризм салаларындағы міндеттер мен жобаларды іске асыру, сондай-ақ азаматтарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қолдауды нығайту мәселелері қаралды. Бұдан басқа инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ инфляцияны одан әрі төмендету жөніндегі шаралар талқыланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға