Жаңалықтар

2024 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі

2024 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі
Фото: ҚР ЕХӘҚМ 16.10.2023 14:27 791

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын өз қаражаты есебінен 2024 жыл мен 2028 жыл аралығында кезең-кезеңімен 1,5%-дан 5%-ға дейін жұмыскерлерінің пайдасына аудару жоспарлануда, деп хабарлайды El.kz ақпарттық агенттігі.

ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметінің мәліметінше, осылайша зейнеткерлікке шыққан кезде бұл жұмыскерлер қосымша жинақтаушы зейнетақы төлемімен қамтамасыз етілетін болады.

Бұл шара қазақстандықтардың жас буынын қолдауға бағытталған, олардың зейнетақы мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болады. Олардың зейнетақысы үш компоненттен: мемлекеттен базалық зейнетақы, жинақтаушы зейнетақы – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар есебінен және шартты-жинақтаушы зейнетақы – жұмыс берушілердің жарналары есебінен құралады, - делінген мәліметте.

ЖМЗЖ енгізу, әсіресе, ынтымақты өтілі жоқ (1998 жылға дейін) немесе ынтымақты жүйедегі өтілі аз азаматтар үшін өзекті.  

Осылайша, әлемдік тәжірибені ескере отырып, азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің қатысуымен ортақ жауапкершілігі болады. 

Салық кодексіне сәйкес салық салынатын табыстан шегерімге жатқызылғандықтан, тиісінше жұмыс берушінің ЖМЗЖ төлеу бойынша шығыстары тиімді деңгейде қалатынын атап өту қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға