2023 жылы запастағы 345 офицер әскерге шақырылады
Бұл туралы Үкімет қаулысының жобасы жарияланды
Фото: sn.kz
Фото: sn.kz
12.12.2022 15:50
2789
Запастағы офицерлерді әскерге шақыру 2023 жылы да жалғасады. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігі 2023 жылы запастағы 345 офицерді әскерге шақыруды жоспарлап отыр. Олар келесі әскери құрылымдарға тартылады:
- ҚР Қарулы күштеріне – 260 адам;
- ҚР ҰҚК Шекара қызметіне – 60 адам;
- ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне – 16 адам;
- ҚР Ұлттық ұланына – 9 адам.
Заң бойынша әскерге 29 жасқа дейінгі, әскери қызметке жарамды запастағы офицерлер шақырылады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Танымал испан жазушысы Қазақстанға келеді
Келесі жаңалық
Жарты жылда 6,1 млн тонна дәнді дақыл экспортталды