2023 жылы Қазақстан концерт залдарына 4,3 млн астам көрермен барды

2023 жылы Қазақстанда 20 655 көрермен кабылдай алатын 43 концерт ұйымы болды, 2022 жылмен салыстырғанда олардың саны бір ғана бірлікке азайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бір жыл ішінде 6 435 концерт өткізілді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 8,7% артық. Балалар үшін 2023 жылы 815 концерт ұйымдастырылып, шетелде 112 гастрольдік сапар өтті.
2023 жылы ұйымдастырылған концерттердегі көрермендердің жалпы саны 4,3 млн асты, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 26,4% көп.
Концерттер саны бойынша ең көп іс-шара Қарағанды облысында (972) өткізілді, бірақ көрермендер саны бойынша облыс екінші орында (887 мың көрермен). Концерттерге ең көп Астана тұрғындары барған – 1 млн астам көрермен, ал өткізілген концерттер саны – 911. Алматы концерттер мен көрермен саны бойынша да үшінші орында тұр, тиісінше 840 концерт және 806 мың көрермен.
