Жаңалықтар

2023 жылы Мәжіліс таратылып, Үкімет ауысады

Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты
2023 жылы Мәжіліс таратылып, Үкімет ауысады
Фото: sn.kz 23.11.2022 16:27 1673

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент сайлауының қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Президент бүкіл электоралдық циклді жариялап қойған. Парламент сайлауы келесі жылдың бірінші жартыжылдығында өтеді. Мұны Президент жариялады. Әрине, сол сайлаудан кейін жаңа Үкімет жасақталады. Нақты мерзіміне келсек, Президент қашан сайлауды жариялайтынын күту керек», - деді спикер.

Сондай-ақ, сайлаудан кейін Үкімет қалай жасақталатыны туралы пікір білдірді.

«Келесі жылдың бірінші жартысында қазіргі Мәжіліс таратылады, жаңа Мәжіліс сайланады. Содан кейін Үкімет ауысады. Ауысқанда, жаңа құрам жасақталады. Осы Үкімет қала ма, жаңа Үкімет бола ма, ол туралы Президент шешім қабылдайды», - деді Ерлан Қошанов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға