Жаңалықтар

2023 жылы елімізде балаларға қандай есімдер жиі қойылды

2023 жылы елімізде балаларға қандай есімдер жиі қойылды
Фото: elements.envato.com 04.05.2023 10:38 27433

Қазақ халқы балаға ат қоюда оның мағынасына ерекше мән берген. Бұл үрдіс қазір де бар. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ең жиі қойылатын есімдердің арасында түркі жне арабтан шыққан аттар көбірек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен, 2023 жылы қазақстандықтар балаларына көбірек қандай есімді таңдады?

Ұлдар

Жаңа туған ұлдарға жиі қойылатын есімдер:

Рамазан (1281);

Әлихан (1061);

Омар (953);

Айсұлтан (961);

Әмір (774).

Сонымен қатар 458 сәбиге ИбраҺим есімі берілсе, 511 баланың аты Хамза деп аталған.

Бұлардан бөлек Алдияр, Мұхаммед, Әли, Нұрислам, Алан, Арсен, Ислам, Әлинұр есімдері де танымал, - делінген Ұлттық статистика бюросы таратқан мәліметте.

Қыздар

Қыздар арасында ең жиі қойылатын есімдердің көшін Медина бастап тұр:

Медина (2310);

Айша (1644);

Айлин (1442);

Асылым (1353);

Раяна (1302).

Сондай-ақ Аяла, Сафия, Томирис, Әмина, Айым, Мариям, Кәусар, Айкөркем және Айару да танымал есімдердің қатарына енген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға