Жаңалықтар

2023 жылдың соңына дейін 37 инклюзияны қолдау кабинеті ашылады

2023 жылдың соңына дейін 37 инклюзияны қолдау кабинеті ашылады
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 12.09.2023 13:51 1074

Биыл елімізде инклюзияны қолдау бойынша бес кабинет ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің мәліметінше, жыл соңына дейін тағы 37 кабинет, ал 2027 жылға дейін 200 кабинет ашу жоспарлануда. Елімізде барлығы 646 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс жасайды.

Бүгінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жағдай жасалған мектептердің үлесі 80 пайызды құрайды. Мектеп жасындағы ерекше білім беру қажеттілігі бар 126 мың баланың 65 пайызы мектепте инклюзивті білім берумен қамтылған. Қалған балалар арнайы сыныптарда, арнайы мектеп-интернаттарда және үйден оқиды, - деп атап өтті Орта білім комитетінің инклюзивті білім беру бөлімінің бас сарапшысы Алмас Құпаев.

Айта кету керек, өңірлерде инклюзияны қолдау кабинеттерінің желісін кеңейту жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылға дейін 34 ПМПК, 26 ППТК ашу жоспарлануда. Биылдың өзінде 3 ПМПК және 2 ППТК ашылды. Бүгінде министрлікте жалпы білім беретін мектептерде тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға штаттық жеке көмекшіні енгізу мәселесі қарастырылуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға