Жаңалықтар

2023 жылдың ішінде Алматыда жойқын жер сілкінісі күтілмейді – сейсмологтар

2023 жылдың ішінде Алматыда жойқын жер сілкінісі күтілмейді –  сейсмологтар
Фото: riadagestan.ru 23.02.2023 18:27 2964

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Сейсмология институтына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сейсмология институтына сапар барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық ынтымақтастық, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері Ғалиаскар Сарыбаевқа, Сергей Ершовқа және Жанна Асановаға еліміздің сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сейсмикалық тәуекелді төмендету мәселелері айтылды.

Сейсмология институтының директоры Дәулет Cәрсенбаев Қазақстандағы жер сілкіністерінің мониторингі мен болжамы. Алматы қаласындағы Сейсмологиялық бақылау бойынша проблемалық мәселелер мен шешу жолдарын туралы айтты.

Алматылық құтқарушылар пилоттық режимде жер сілкінісі туралы ерте хабарлау жүйесін енгізіп, Жапонияның тәжірибесін қабылдады. Бұл жүйе тек автоматтандырылған ғана емес, сонымен қатар 28 сейсмикалық станция болып табылады. 2022 жылы бірінші кезең аяқталды - 11 сейсмостанция орнатылды, осы жылдың соңына дейін қосымша 17 сейсмостанцияны енгізу және орнату жоспарлануда.

Жүйе автоматты режимде жойқын сейсмикалық толқынның қалаға жақындағаны туралы сигнал алуға және халықты, оның ішінде мобильді қосымшаның көмегімен алдын ала хабарлауға арналған. Сейсмостанциялар Алматы сейсмикалық полигонының аумағында, сейсмология институтының қолданыстағы сейсмикалық станцияларының базасында, сондай-ақ Алматы облысының жекелеген жер учаскелерінде орналасатын болады.

Ескерту жүйесі AppStore және PlayMarket телефондарына жүктеуге болатын тегін «Дармен» мобильді қосымшасымен біріктіріледі. Мамандар қала айналасындағы жер сілкіністерін түсіруге және олардың жақындағаны туралы бірнеше ондаған секунд ішінде ескертуге мүмкіндік беретін сейсмикалық датчиктерді орнатуда.

Сейсмология институтының болжамдық комиссиясының қорытындысы бойынша Алматы болжамдық полигонының аумағында 2023 жылдың ішінде қатты жойқын жер сілкінісі күтілмейді.

Апта сайын сейсмология институтының ғылыми қызметкерлері мен СТӘЭ бас мамандары қатарынан болжамды комиссия отырыс өткізеді. Алынған деректер мен параметрлердің негізінде талдау Қазақстан Республикасы аумақтарының 68 сейсмологиялық станциясынан қорытынды беріледі. Қатты жер сілкінісі туралы қысқа мерзімді болжам тұрғысынан комиссия әр сәрсенбіде отырады, комиссияның қорытындысы барлық директивалық органдарға жіберіледі.

Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарына Қазақстанның бүкіл аумағына сейсмикалық мониторинг жүргізу, сейсмикалық станциялар желісін кеңейту қажеттілігі, әзірленіп жатқан көмірсутек шикізаты кен орындарында мониторингтің бірыңғай геодинамикалық жүйесін енгізу, олардың сейсмикалық тұрақтылығын сейсмикалық қауіпті өңірлердегі құрылыс талаптарына сәйкестігін бағалау бойынша сейсмология саласындағы өзекті мәселелер айтылды.

Қазақстан сейсмологиясы саласында егжей-тегжейлі сейсмикалық аудандастыру және сейсмикалық шағын аудандастыру карталарын бекіту, Қазақстан облыстары мен қалаларының аумақтарының сейсмикалық қауіптілігін бағалауды жүргізу механизмінің болмауына байланысты проблемалық мәселелер сақталуда.

Депутаттардың назарына күнделікті және қажырлы еңбегімен еліміздің сейсмикалық қауіпсіздігін нығайтуға зор үлес қосатын институт ғалымдары үшін сала еңбеккерлерінің жалақысын көтері, еңбек жағдайлары мен тұрмысын жақсарту, әлеуметтік жеңілдіктер мәселелері жеткізілді.

 Шетелдік журналдарда ғылыми мақалалар жариялау кезінде сейсмолог-ғалымдардың мүдделерін қорғау, сондай-ақ оларға ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті қолдау қорларынан гранттар бөлу мәселелері айтылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға