Жаңалықтар

2023-2024 оқу жылында 2,9 млн баланы қосымша білім берумен қамту жоспарлануда

2023-2024 оқу жылында 2,9 млн баланы қосымша білім берумен қамту жоспарлануда
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 14.09.2023 20:06 1147

2023-2024 оқу жылында елімізде 2,9 миллион баланы қосымша білім берумен қамту жоспарлануда. Бұл жалпы оқушылар санының 81,1 пайызын құрайды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 
Бүгінде елімізде 380 түрлі бағыттағы үйірмелер бойынша қызмет көрсететін 1625 мектептен тыс ұйым жұмыс істейді. 60 мыңға жуық мектеп үйірмесі мен 50 мың спорт секциялары бар.
 
Атап өтейік, қосымша біліммен қамтылған балалардың үлесі 2020 жылы 63,5% болса, 2023 жылы 81,1%-ға дейін өсті.

Министрлікпен барлық балалардың қосымша білім алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз ету міндеті қойылды. Бұл көрсеткішті, оның ішінде шалғай елді мекендерде қоса алғанда 2027 жылға дейін 100 пайызға жеткізу жоспарға алынды. Осылайша, 2023 жылдан 2025 жылға дейін ауыл мектептерінде қоғамдық орталықтар ашу жоспарлануда, бұл қалалық және ауылдық жерлерде қосымша білім беру қызметтерінің сапасындағы алшақтықты азайтады, - деп атап өтті ведомствоның баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова.

Бұдан басқа, қосымша білім беру ұйымдарының саны жылдан жылға артып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында және Алматы, Шымкент қалаларында 6 оқушылар сарайының құрылысы жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға