Жаңалықтар

2021 жылы 4,2 млрд теңгеге алынған қазандық жабдығы Қазақстанға әлі келген жоқ – депутат

2021 жылы 4,2 млрд теңгеге алынған қазандық жабдығы Қазақстанға әлі келген жоқ – депутат
Фото: t.me/mazhilis_kz 29.04.2024 11:51 3693

Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Нұртай Сабильянов бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректеріне сәйкес, елімізде 2023 жылы өңдеу өнеркәсібі саласында 587 млрд теңге көлеміндегі 163 жаңа жоба іске асырылған. Бірақ олар толық шамада жұмыс істемеген.

Депутат осы жобаларға қатысты талдау жасағанын атап өтті.

«Маслодел» ЖШС 2021-2023 жылдары әртүрлі қаржы көздерінен («Өнеркәсіпті дамыту қоры» (2021 ж. – 2,5 млрд, 2022 ж. – 547,7 млн), «Даму банкі» (2021 ж. – 13,3 млрд, 2022 ж. – 3,7 млрд, 2023 ж. – 6,7 млрд), «Қазақэкспорт» (2021 ж. – 4,2 млрд, 2023 ж. – 5,0 млрд) 36 млрд теңге алды. Оның ішінде «Қазақэкспорттан» 2021 жылы алынған 4,2 млрд теңге қазандық жабдығын сатып алуға бағытталды, ол осы уақытқа дейін Қазақстанға да келген жоқ, - деді депутат.

Депутаттың сөзінше, компаниялардың басым бөлігі бірнеше жыл ішінде мемлекеттік қолдауды бірден бірнеше даму институтынан алып келеді. Мысалы, «KamLitKZ» ЖШС (Камлит - коммерциялық техникаға арналған автокомпоненттер өндірісі) соңғы үш жылда тек «Өнеркәсіпті дамыту қорынан» 141,5 млрд теңге алған. Алайда шығарған өнім көлемі туралы ақпарат жоқ. Сол сияқты бұрыннан бері жасап келе жатқан «KamaTyresKZ» ЖШС (Кама Тайрс – шиналар шығару) «Өнеркәсіпті дамыту қорынан» 65,7 млрд алса да, шығарылған өнімнің нақты көлемі туралы ақпараты жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға