Жаңалықтар

2020 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасы қабылданды

Тәуелсіздік Сарайында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының кезектен тыс ІІІ Съезі өтті.
09.04.2015 09:34 6097

Тәуелсіздік Сарайында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының кезектен тыс ІІІ Съезі өтті.

2020 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасы қабылданды

Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен келген 2000 делегат бар. Олардың ішінде «Жас Отан» Жастар қанатының өңірлік филиалдарының өкілдері, жастар ұйымдарының лидерлері, шығармашыл, ғылыми, жұмысшы және ауыл жастарының өкілдері, әйгілі қазақстандық спортшылар, мәслихат депутаттары және басқалары бар.

Съезд шеңберінде қатысушылар «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудағы жастардың рөлін талқылап, «Жас Отан» Жастар қанатының 2020 жылға дейінгі Бағдарламасын қабылдады.

2020 жылға дейінгі «Жастар  –  Отанға!» бағдарламасы – бұл жастарды табысты келешекке жетелейтін идеологиялық бағдар, деп атап өтті  «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Нұрлан Сыдықов, «Жас Отан» ЖҚ ІІІ Съезінде сөйлеген сөзінде. 

«Бүгінгі қабылданып жатқан «Жастар  –  Отанға!» бағдарламасы – бұл жастарды табысты келешекке жетелейтін иделогиялық бағдар болып табылады. Бағдарламадағы барлық мақсаттар мен міндеттер еліміздің  «Қазақстан-2050» Стратегиясының идеясына арқа сүйеген және оны табысты іске асыруға бағытталған», –

деді Нұрлан Сыдықов. 

Бағдарламада «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Нұр Отан» Партиясы Доктринасы мен «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясаты сияқты стратегиялық құжаттардың негізгі ережелері көрініс тапқанын айта кеткен дұрыс.  

2020 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасы қабылданды

Спикердің сөзіне қарағанда, Бағдарлама төрт негізгі бағыттан тұрады: отаншылдық пен тұлғалық даму, білімге ұмтылу, еңбек пен кәсіби жетілу, игілікті отбасы. 

«Жаңа Бағдарламаның басты ерекшелігі, міндеттерді тізіп шығу емес, оны іске асырудағы жаңа тұжырымдама болып табылады. Жастар тек игілікті алушылар ғана емес, оның бастамашысы және аталған бастаманың тікелей орындаушылары да болады. Жастардың мұндай кешендік нақты шаралары, партия мен «Жас Отанның» қайта жүктеу үдерісіне сәйкес келеді»,- деп атап өтті Нұрлан Сыдықов.  

Бүгін, Астанада «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының кезектен тыс ІІІ Съезі өткен болатын.  Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен келген 2000 делегат қатысты, олардың ішінде «Жас Отан» Жастар қанатының өңірлік филиалдарының өкілдері, жастар ұйымдарының лидерлері, шығармашыл, ғылыми, жұмысшы және ауыл жастарының өкілдері, әйгілі қазақстандық спортшылар, мәслихат депутаттары және басқалары бар. Съезде  «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудағы жастардың рөлі талқыланды, «Жас Отан» Жастар қанатының 2020 жылға дейінгі Бағдарламасын қабылданды. 


Әзірлеген: Досжан Мейірбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға