2015 жылда сізді не күтіп тұр?
Қазақтың халық тәжірибесінде жыл санаудың негізіне мүшел алынады. Бір мүшел 12 жылдан тұрады. Жыл есебін бұлай жүргізу өте ежелгі кезден басталған және ешқандай діни қағидамен байланысты емес. Шамасы, табиғат құбылыстарының қайталама заңдылығына негізделген болу керек. Қазақша мүшелдік жыл санау тышқан жылынан бастау алады. Келер 2015 жыл қой жылы.
Астрологиялық деректер 2015 жыл оның алдындағы жылдарға қарағанда тыныш әрі бейбітшілікте өтеді дейді. Екінші жартыжылдық жағымды өзгерістер мен сәтті шешімдерге толы болады.2015 жылы үш ғаламшар – Юпитер, Сатурн және Уран Зодиак белгілерін өзгертеді. Сондықтан қоғамның ниеттері де өзгереді. Жаңа істер бастауын алып, жаңа мұраттарға жетелейді. Бастысы қиындықтарға мойымай, оларды жеңіп шығу. Төзімділік танытқан адамдар міндетті түрде табысқа кенеледі.Тоқты
Сіз үшін өткен жылға есеп беріп, болашаққа жаңа жоспар құратын уақыт келді. Бала-шағасы бар ата-аналар үшін бұл жыл ерекше түсіністіктің жылы болмақ. Егер жаныңызды жегідей жейтін мәселелер пайда бола бастаса, оны тез арада шешуге тырысыңыз. Мазасыз тіршіліктен бас тартыңыз да, өзіңізге көңіл бөліп бастаңыз. Жұрттың қамын жеп, қамқорлық жасау сіздің ғана маңдайыңызға жазылмаған. Жұмысыңыз кедергі келтіріп жүрген болса, демалыс алыңыз. Алғашқы жарты жылдықта мұндай өзгерістерді қабылдау қиын болғанымен, жаз айларынан бастап бәрі де қалпына түседі. Бұл жеке және қоғамдық өмірге де, жұмысқа да қатысты айтылған болжам. Ал тұрмыс құрмаған жастар шаруаның астында жүріп ата-анаңызға қамқорлық жасауды ұмытпаңыз. Олардың бар берген тәрбиесі мен білімін есіңізге түсіріп, өмірде қолданыңыз. Себебі сізді жоғары мансап күтіп тұр. Бастаған ісіңізді әрқашан да аяғына дейін жеткізіңіз. Әріптестеріңізбен қарсыласып, бастығыңызға қарсы шығудың еш қажеті жоқ. Шыдамдылық танытсаңыз, күз айларында жұртшылық сіздің барлық талантыңыз бен іскерлігіңізге куә болады.
Торпақ
Жоқтық ұят емес, байлық мұрат емес деп бабаларымыз айтқандай өзіңізді, өмірдегі орныңызды, сүйген жарыңызды, мақсатыңызды іздеуді жалғастырыңыз. Айналаңыздағылардың сенімсіздіктеріне, мағынасыз әңгімелеріне назар аудармаңыз. Қайнап жатқан қазанның бетін жауып, мақсатқа жеткізер тура жолды таңдайтын уақыт жетті. Сәттілік сіздің жағыңызда. Қысқасы, осы жылы асқан белсенділік танытыңыз. Сонымен қатар, оқу орнын,жұмысыңыз немесе тұратын қалаңызды ауыстырғыңыз келіп жүрсе, қой жылы ең ыңғайлы кезең. Жақсы қызметке ие болу немесе қаржылық жағдайыңызды жақсарту туралы мақсат-мұраттарыңыз толығымен орындалады. Іскерлік семинарлар, тренингтер, ұзақ іссапарлар – сіз үшін өте пайдалы болады. Жалпы келер жылғы ең үлкен жетістік иегерлері – шығармашылық адамдары екен.
Егіздер
Жаңа жылдағы өзгерістер қаңтар айынан-ақ басталады. Бойыңызда бұрын-соңды болмаған күш пайда болып, белсенділігіңіз артады. Осы талпынысыңыз арқылы біршама жетістіктерге жетесіз. Адамдарға деген қарым-қатынасыңызға көңіл бөліңіз. Ойыңызда қосымша білім алу жоспары жүрген болса, уақыт созбастан, дәл осы жылы құжаттарыңызды тапсырыңыз, арты сәттіліктерге толы болмақ. Елімізге білгір мамандар әрдайым қажет болады. Бұл жыл маңызды әрі елеулі оқиғаларға толы екенін ұмытпаңыз. Екінші жарты жылдықта міндетті түрде демалыс алатын болыңыз. Әдетте демалыс кезінде орын алатын үй жөндеу жұмыстарына кірісуге асықпаңыз. Өзіңізді сынап көріңіз және кәсіби өсу мен биік жетістіктерге жеткізер қадамдарды қорықпай жасаңыз. Қазақ «жыламаған балаға емшек жоқ» дейді. Сондықтан бәрі де өзіңіздің талпынысыңызға байланысты болмақ. Арман орындалатын күн де алыс емес деп сеніңіз.
Шаян
2015 жыл сіз үшін сәтті өтпек. Әлемде, елде болып жатқан жаңалықтардан қапы қалмай, өз пайдаңызға қолданаңыз. Өйткені сіздің шығармашылық белсенділігіңіз күннен күнге артып келеді. Қой жылында алға қойған мақсаттарыңыздың көпшілігі орындалады. Сізді бизнес жолында көптеген табыстар күтіп тұр. Сондықтан өмірлік жоспарларыңызды тағы бір айқындап алыңыз. Үйіңізге және отбасыңызға көбірек уақыт бөліңіз. Жылдың алғашқы жартысында мансабыңыз өспек. Мақсаттарыңыз бен армандарыңыз бірте-бірте орындалып жатса, таң қалмаңыз. Өйткені бұл сіздің жылыңыз. Қыс айларында жұмысыңыз алға басады. Ата-аналарымыз үйреткендей сабырлық танытыңыз. Бастықтарға сіздің жұмысқа деген құлшынысыңыз бен өзіңізді көрсете білуіңіз ұнайды. Кәсібилігіңізді арттырудан жалықпаңыз. Өміріңізге бір нәрсе жетпейтінін сезініп жүрсеңіз «балалы үй базар, баласыз үй мазар» екенін еске түсіріңіз. Сүйген жарыңызбен қосылып, берік отбасын құратын кезең келді.
Арыстан
Өз өміріңізді қалай көргіңіз келсе, оны жүзеге асыруға мол мүмкіндік бар. Сіз үшін қой жылында бизнес саласында оңтайлы жауаптар табылып, сәттілік серік болғалы тұр. Көктем - таңғажайып романтикаға толы кездесулер мезгілі. Қой жылы сіз үшін сезімге ерік беретін жыл болмақ. Егер әлі отбасын құрмасаңыз, іске кірісіңіз. Сәтті кездесулер үйлену тойына дейін апарады деген болжам бар. Жігіт адамға жетпіс өнер де аз. Сондықтан көктемде, әсіресе сәуір айында жұмысыңызға ерекше көңіл бөлесіз. Маусым айынан бастап карьераңыздың өсуіне жол ашылмақ. Сонымен қатар, басқа жақтан ұсыныстар келіп түсуі мүмкін. Бәріне жауапкершілікпен қараңыз. Егер жеке бизнесіңіздің алға басқанын қаласаңыз, онда барлық сәттілікті күз айларында күтіңіз. Ата-анаңыз бен туыстарыңыз сізді қолдап, дұрыс шешім қабылдауға бағыттап отырады. «Ағайын тату болса - ат көп, абысын тату болса ас - көп» деген сізге дәл табылған.
Бикеш
Қой жылы сіз үшін ең сәтті жыл болғалы тұр. «Қыз еркем кестесімен көркем, ұл еркем өнерімен көркем». Қайсар жан екеніңізді естен шығармаңыз. Кез келген маңызды және қиын жұмысты еш қорықпастан бастап кете аласыз. Сіз үшін, әсіресе, жылдың екінші жартысы табысты болмақ. Алғашқы жарты жылдықта көп уақытыңызды отбасыңызға бөліңіз. Сонымен қатар қой жылында оқуға, саяхат жасап, демалуға көптеген мүмкіндіктер туады. Мүмкін емес деген нәрселердің өзін еш қорықпастан армандаңыз, биыл сол армандар орындалатын сәтті жыл болмақ. Шешім қабдылдауда шорқақтық танытпаңыз. Өміріңізге кедергі жасайтын, түкке де керегі жоқ дүниелерден арылыңыз. Пайдалы әрі сауапты іс істеуге тырысыңыз. Бәрі сізден үлгі аларлықтай жақсы шаруа бітіріңіз. Жаныңыздағылардың көңіліне қараңыз, сізге ренжулі жандардың санын арттырып алмаңыз. Жаңа жылға жаңа деммен, жаңа мақсатпен қадам басыңыз.
Таразы
Осы жылы көптеген мәселенің түйінін оңтайлы шешесіз. Сондықтан да төрімізге шыққалы отырған қой жылында жұмыста да, үйде де көптің назарында боласыз. Қазақ халқымызға дарыған қасиет қонақжайлығыңызды көрсетіңіз. Әріптестеріңізді, туыстарыңызды, жора-жолдастарыңызды ренжітіп алмауға тырысыңыз, арты жақсылыққа апармайды. Бұл жыл сізден еңбекқорлықты, төзімділік пен сабырлылықты күтеді. Тамыз, қыркүйек айларында өміріңізге елеулі өзгерістер енгізуден қорықпаңыз. Себебі, қараша айында сізді өте жағымды жаңалық күтіп тұр. Дәл қазір сіздің мәртебеңіз жеткілікті дәрежеде биік, сондықтан әріптестеріңіздің арасында көшбасшы болуға мүмкіндігіңіз бар. Тек теріс мінездеріңізді көрсетіп қойып жүрмеңіз. Керісінше, жан дүниеңізді тазартып, үлкен кісілерден бата алыңыз. «Баталы құлға бақ қонар». Жылдың басында көптеген сәтсіздіктермен дос болғаныңызбен, жыл ортасындағы саяхат пен тәжірибе алмасу сапары сіздің өміріңізді мәнді әрі қызықты ете түспек.Маңызды шешімдерді жеті рет өлшеп, бір рет кесуді ұмытпаңыз және ең сенімді серіктеріңізбен ақылдаса отырып қабылдаңыз.
Сарышаян
Бұл жылы бірінші кезекке отбасы мен үй шаруасын қойған дұрыс болады. Белсенділігіңізді қоғамда емес, шаңырағыңызда көрсетіңіз. Аймалайтын анаң қымбат, асқар тауың әкең қымбат деп бекер айтылмаған. Жылдың ортасы мен соңында жан дүниеңізде көптеген өзгерістер болуы мүмкін. Бірден жоғарыға ұмтылудың қажеті жоқ, алдымен өзіңізге не керек екендігін анықтап алыңыз. Жаңа үй тұрғызуға не ескі үйіңізде жөндеу жұмыстарын жасауға кіріссеңіз жөн болар еді. Осылай күшіңіз жұмысқа да, үй шаруасына жетерлігін дәлелдеңіз. Қой жылында жеке өміріңізде келеңсіз жағдайлар бола қоймайды. Жыл басталысымен-ақ өзіңіздің басқаға керек екендігіңізді сезініп, бақытты күй кешесіз. Бұл жыл БАҚ-та жұмыс жасайтын сарышаяндар үшін қолайлы болмақ. Екінші жарты жылдықта дизайнерлер мен шығармашылық адамдарды сәттілік күтіп тұр. Десе де мансап өсіру үшін жанталасудың қажеті шамалы. Шаршасаңыз, өзіңізге демалыс жариялаңыз да табиғат аясында тыныстап қайтыңыз. Ляззат, шабыт сезіміне кенелесіз.
Мерген
Келер жыл сіз үшін ең бақытты жыл болғалы тұр. Бірінші байлық — денсаулық, екінші байлық — ақ жаулық, үшінші байлық — он саулық. Тек ретімен шатастырып алмаңыз. Сонда бәрі де дұрыс болады. Оптимизмнен қашпай, тек позитивті күн кешуге тырысыңыз. Жаныңыздағыларды таңдандырып, тек күліп жүріңіз. Жоқ, жалғандықтың еш керегі жоқ. Бәрінің тек шынайы болғаны дұрыс. Егер балаларыңыз болса, оларға көп уақытыңызды жұмсаңыз. Сіз шығарып салған жылдан қалған сенім келер жылы біраз істің басын қайырып тастауға жетеді. Шектен тыс өркөкіректік танытудан сақтаныңыз. Егер бұл мінезіңізге бой берсеңіз, біраз жақсы адамдармен байланысыңыз үзіліп қалуы мүмкін. Салмақты қатынас үшін сабырлылық керек. Имандылығыңызды арттырыңыз. Нағыз шешуші кезеңге жетіп қалғаныңыз есіңізден шықпасын. Жұмыс ауыстыруыңыз ықтимал. Бұл жыл, сіз үшін, шешім қабылдау мен тәуекелге бел буудың жылы болмақ. Осылай өзіңізге деген сеніміңіз нығая түседі. Өзіңізді бағалай құрметтеу арқылы жаныңыздағылардың пікірін айтарлықтай өзгертесіз.
Тауешкі
Жүрген ортаңызда мерейіңіз үстем болып, дәрежеңіз арта түседі, биыл. Ең бастысы – басқаны тыңдаудан бас тартпаңыз.Дәрежеңіздің көтерілуі соған байланысты. Мынау есіңізде болсын: Қой жылында қиылған некенің ғұмыры ұзақ та, баянды болмақ. Сондықтан бойдақ жандар ойланғаны абзал. Қандай қиындық болмасын сіз жеңе аласыз, соны ұмытпаңыз! Жылдың алғашқы жартысы тынымсыз болғанымен екінші жарты жылдықта байсалды өмір кешесіз. Жаныңыз қалаған іспен шұғылданыңыз. Махаббат мәселесінде анау айтқандай қиын мәселе болмайды. Күз айы жұмысыңыздың өрге басар мезгілі дей беруге де болады. Сіз өз биігіңізге асықпай, аяңдап жетесіз. Тек наурыз айында өзіңізді қай істе көргіңіз келетіндігін анықтап алып, сол бағытқа қарай жүргеніңіз жөн. Қой жылы сізден көп мөлшерде сабырлық пен төзімділік күтеді. Бастаған істі аяқсыз қалдырсаңыз, еңбегіңіздің жемісін күтпеңіз. Ал қараша айында сізге жаңа жұмыс тапсырылады. Сенімді жұмыс! Жауапкершіліктен қашпаңыз. Ауырдың астымен жүрмеуге тырысыңыз.
Суқұйғыш
Арманға жету үшін жеңіл жолды таңдау оңай болғанымен одан түк шықпайтынын түсініңіз. Бұл жыл сізден төзім мен ақылды қажет етеді. Дәнді шашпа, нанды баспа деген сөздің жаны бар. Жыл бойы сіңірген еңбегіңіздің жемісін қараша айында көретін боласыз. Тәуекелге бел буып үйреніңіз! Күштілер мен тәуекелшілдерді таңғажайып сыйлықтар күтіп тұр. Бастысы - өзіңізге нақты ненің керек екендігін білу.Егер іске құлшыныспен кірісер болсаңыз ол міндетті түрде жемісті болады. Екінші жартыңыз сізді үнемі қолдап, құлшынысыңызды арттырып отырады. Қараша айында өміріңізде айтарлықтай оң өзгеріс болады. «Баламен дос болсаң бала боларсың, қариямен дос болсаң дана боласың». Айналаңызда қандай адамдар жүргенін қараңыз. Осы жылы өзіңізге деген сенімділік пен белсенділігіңіздің арқасында мансабыңызды өсіре аласыз.Алдын ала жақсы жоспар құрып алғаныңыз дұрыс. Жоспарды қаңтар айынан бастаңыз, ең белсенді уақытыңыз - қазан мен қараша айлары.
Балықтар
Сіз осы уақытқа дейін жақындарыңызға үнемі қамқор болып келдіңіз, енді өзіңізді ойлайтын кез келді. Жаңа жылда көптеген саяхаттар күтіп тұр. Ой-өрісіңіз, біліміңізді кеңейте түсесіз, жұмысқа керек тәжірибе жинақтаудың жаңа мүмкіндіктері туады. Білгеніңізді басқамен бөлісуде тартынбаңыз,ұжымға бірігіп істеген жұмысыңыз жемісті болады. Әсіресе мамыр айында менмендік қасиетті тізгіндеп ұстауға тура келеді, бұл қасиет жақсылыққа апармайтынын түсініңіз. Жұмыста қиындықтар туып жатса, әңгіменің басын ашып бәрін тек бейбіт жолмен шешуге тырысыңыз. Егер сабыр сақтасаңыз, сіздің ұйымшыл топ құруға мол мүмкіндігіңіз бар.Барлық жұлдыздар сізге махаббат жолында көмектесуге әзір. Жаныңыздағылар мен өзіңіздің ішіңізге қайта үңіліп көріңіз. Сізге не керек? Өз өміріңізге разысыз ба? Жылдың ең елеулі оқиғалары қараша айында болмақ. Жауапкершіліктен қашпаңыз. Түрлі жобалар мен шараларға бел шеше кіріскеніңіз өзіңізге тиімді. Жұлдыздардың жорамалынша, жыл соңыңда сізге қамқор және еңбекқор адам жолығады.
2016 жылға жұлдыздар жорамалын мына жерден оқи аласыңыз