2015 жылғы сырықпен секіруден әлем чемпионы көз жұмды

Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
19.01.2024 17:32
1175
2015 жылғы сырықпен секіруден әлем чемпионы, канадалық спортшы Шонесси Барбер 30 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортшы 17 қаңтар күні Кингвудтағы (Техас штаты) үйінде қайтыс болды. Белгілі болғандай, ол соңғы уақытта денсаулығына байланысты көпшілік көзіне түспеген. Алайда, әлем чемпионы өлімінің нақты себебі айтылмады.
Шон Барбер 2015 жылы Бейжіңде өткен әлем чемпионатында сырықпен 5,90 м-ге секіріп әлем чемпионы атанған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қасым-Жомарт Тоқаев Ватиканда Рим Папасымен кездесті
Келесі жаңалық
Өскеменде автобус рельс үстінде тоқтап қалды