200 теңге: Павлодарда жолақы қымбаттауы мүмкін

Фото: © El.kz
Фото: © El.kz
23.10.2023 05:14
847
«Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатқа сәйкес, қолма-қол ақшасыз және қолма-қол төленген ақының айырмашылығы екі есеге өседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Павлодар қаласының аумағында қалалық қозғалыстағы жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау бағыттарына келесі көлемде сараланған тариф - жолаушыларды тұрақты тасымалдау электронды төлем жүйесі арқылы, интернет желісі және байланыс құрылғыларын қоса алғанда қолма-қол ақшасыз төлем үшін – 100 (жүз) теңге, ал жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда – 200 (екі жүз) теңге болып белгіленсін, – делінген құжатта.
Құжат 2 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Бөлісу:
