200 мың ресейлік Қазақстанның ЖСН-ін алған: енді шектеу қойылмақ
![200 мың ресейлік Қазақстанның ЖСН-ін алған: енді шектеу қойылмақ 200 мың ресейлік Қазақстанның ЖСН-ін алған: енді шектеу қойылмақ](/storage/storage/element/2024/12/31/mainphoto/136078/1200xauto_P4JNL9IIMvKS2yGpIw1sInPapoRzVvCnIAcpybhI.jpg)
Қазақстанның ішкі істер министрлігі елден тыс шетелдіктерге жеке сандық нөмірі (ЖСН) ақылы берілетіні жөнінде хабарландырулар тарағаннан кейін тексеруді бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ал елшіліктер Қазақстанның ЖСН-ін беруді жаңа жылдан бастап уақытша тоқтатады.
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы шетелдік азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру» пилоттық жобаның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап шетелдік азаматтарға ЖСН беру уақытша тоқтатылды, – делінген Елшілік сайтында.
Жалпы 2024 жылы шетелдік 435 408 азаматқа Қазақстанның жеке сандық нөмірі берілген. Оның ішінде 233 013-і Ресей, 121 719-ы Өзбекстан, 13 846-ы Тәжікстан, 9308-і Қырғызстан азаматтарына тапсырылған.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)