200-ден астам шетел азаматы Қазақстан арқылы Еуропаға өтпек болған
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
16.08.2023 14:32
967
Жыл басынан бері Еуропа елдеріне Қазақстан аумағы арқылы заңсыз өтпек болған 210 шетелдік ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰҚК Шекара қызметі Шекараны қорғау департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Ахметқалиевтің айтуынша, мұндай фактілер көбінесе еліміздің солтүстігі мен батысында анықталған. Мысалы, Қостанай, Ақтөбе облыстарында.
Жыл басынан бері Қазақстан арқылы Ресей Федерациясына, одан әрі ЕО елдеріне транзитпен мемлекеттік шекараны кесіп өтпек болған өзге елдің 210 азаматы ұсталды, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Барлық ұсталғандар жауапқа тартылып, сот шешімімен Қазақстаннан шығарылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға