Жаңалықтар

«20 жыл су бармаған». Тасқын су кеуіп кеткен көлдерге жіберіліп жатыр

«20 жыл су бармаған». Тасқын су кеуіп кеткен көлдерге жіберіліп жатыр
Фото: ТЖМ 16.05.2024 10:49 366

Ресейден келген тасқын судың 80 млн текше метрі БҚО облысының Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл көлдерге соңғы 20 жыл бойы су бармаған.

Ведомствоның мәліметінше тасқын суды көлдер жүйесіне жіберу жұмысын жергілікті «Қазсушар» филиалының мамандары жүргізуде. Қамыс-Самар көлдері киіктер мен басқа да жануарлардың көшу жолындағы табиғи суат көзі болып табылады.

БҚО-дағы судың негізгі көзі - Жайық өзені. Аталған өзен арқылы келген тасқын су су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мекемесіне тиесілі Жайық-Көшім суару- суландыру жүйесінде жиналады.

Сонымен қатар «Қазсушар» мамандары соңғы жылдары кеуіп қалған Еділсор, Жалтыркөл, Бірқазан, Соркөл, Салтанат және басқа да су айдындарына су жібере бастады. Сондай-ақ Балқаш көліне, Каспий теңізіне су жіберу жұмысы жалғасып жатыр, - деді су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға